Атыраудағы қанды қылмыс: Марқұмдардың кенже қызы күдікті деп танылды

Атырау облысында жұмбақ жағдайда қайтыс болған ерлі-зайыптыны өздерінің кенже қызы өлтірген болуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары айтты. Бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиева із-түссіз жоғалған адам ретінде іздестірілген. Қазір «күдікті» санатына ауысты. Ал, күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев о бастан қылмысқа қатысы бар деп танылған еді. Олар кеше Индонезияда ұсталды. Құзырлылар елге алып келу мәселесін шешіп жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті шаралар қабылданады.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Халықаралық іздеу жарияланған кезде Интерпол қызметкерлері мен Қазақстан полициясы бірлесіп, арнайы топ құрды. Топтың жұмысының нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Екеуі де күдікті деп танылған.