Алматы тұрғыны өзінің танысын пышақтап тастады. Ер адамдар арасында жанжал шығып, салдарынан бірі екіншісін жарақаттаған. Күдікті ізін суытпақ болған. Алайда арнайы жасақтың жедел әрекетінің нәтижесінде ол көп ұзамай ұсталды. Жәбірленуші аман. Ауруханада ем алып жатыр. Бұл жағдайға байланысты қазір тергеу жүріп жатыр.