Балаң бұзық болса ата-ананың соры. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында қатарластарына үнемі қысым көрсетіп, жасөспірімдерді жұмысқа жегетін үш баланың ата-анасы жазаланды. Мойынқұмдағы Жамбыл ауылындағы орта мектептің үш оқушысы төменгі сыныптың балаларына және қатарластарына жүйелі түрде әртүрлі жұмыстарды істетуге қысым жасап келген. Сотта үш баланың ата-аналары кінәларын мойындап, кешірім сұрап, болашақта мұндай жағдайларға жол бермейтіндерін айтты. Сот ата-ананың әрқайсысына 43 250 теңге көлемінде айыппұл салды.