"Жалақы әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай емес",- депутат

Ауыл шаруашылығы саласында жалақы әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай емес. Бұл туралы мәжілісмен Тілектес Адамбеков өзінің депутаттық сауалында көтерді. Ол ауылшаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттырумен қатар, ауыл азаматтарының жалақысын көтеру  өте өзекті деді. Себебі саладағы айлық әлі де республикалық орташа көрсеткіштен 4,4 есе төмен.

ТІЛЕКТЕС АДАМБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың нақты жоспарын әзірлеу керек деп атап өтті. Аталған құжат цифрлық технологияларды қолдануға және осы саланың өнімділігін едәуір арттыруға арналған жоспар болуға тиіс. 2023 жылғы жағдай бойынша ең төмен жалақы төленетін жұмыс орындары ауыл шаруашылығы саласында. Бұл еліміздегі әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сәйкес келмейді.