Референдумға қатысып, саяси науқаннан қалыс қалмау әр азаматтың міндеті

Референдумға қатысып, саяси науқаннан қалыс қалмау әр азаматтың міндеті. Осылай деген қызылордалық ерікті жастар мен коалиция мүшелері көпшілікті маңызды шешімге үн қосуға шақыруда. Олар халық көп шоғырланатын сауда үйлеріне барып, үн парақтар таратты. Арнайы афишаларды белгіленген аумақтарға орналастырды. Оған 60-қа жуық ерікті атсалысты.

ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Үгіт-насихат жұмыстарын өте қарқынды түрде жүргізілуде. Қазірге таңда аудандар мен ауылдарда, қалаларда "Есіктен есікке" акциялары қатар жүруде. Біздің белсенділеріміз және коалиция мүшелері халыққа референдумның маңыздылығын түсіндыріп, түсіндірме жұмыстарын жұргізуде.

Үгіт-насихат жұмысы Қостанайда да өтті. Коалиция мүшелері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері тұрғын үйлерді аралап, Референдумға қатысудың маңыздылығы туралы жеке ақпараттандырды. Оларға Референдумның негізгі ережелері, оны өткізу тәртібі және әрбір азаматтың қатысуының мәні түсіндірілді.

ГҮЛЬВИРА ҚҰДАЙҚҰЛОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мен оны табыстап, азаматтарымызды тыңдап, олардың көкейкесті мәселелерін ести аламын. Жалпы, халықтың пікірін білуге мүмкіндік бар. Менің ойымша, дәл осындай “Есіктен есікке” акциясы – өте маңызды бастама.