Қарағанды облысында ауыл ішіне кірген түлкі тұрғындарды шошытты

Фото: скриншот

Қарағанды облысында ауыл ішіне кіріп кеткен түлкі тұрғындарды шошытты.

Қарағанды облысы Ошағанды ауылының тұрғыны әлеуметтік желіде агрессивті түлкінің видеосын жариялады.

Куәгерлердің айтуынша, жануар терезеге секіріп, үйге кіруге тырысқан. Оқиға шамамен сағат 17:35-те болған. Жағдай туралы бірден ауыл чатына және әкімдікке хабарланған.

Мен әкімге қоңырау шалдым, ол ветеринарлық қызметпен байланысуға уәде берді, бірақ осы уақытқа дейін ешкім келген жоқ, - деп жазды жергілікті тұрғын.

Ауыл тұрғындары түлкінің бұл әрекеті үлкен қауіп тудыратынын айтып отыр. Адамдар балалар мен үй жануарларының қауіпсіздігіне алаңдаулы.