Павлодар облысында фермер 5 мың гектар жерді заңсыз иеленіп алған

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысының Май ауданы прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді халыққа қайтарды.

Май ауданында прокуратура бір шаруа қожалығына жайылымдық жерлерді бөлу кезінде жер заңнамасының бұзылуын тоқтатты.

Тексеру көрсеткендей, фермерге берілген жалпы аумағы 5 мың гектардан асатын, құны 12 млн теңгеден жоғары төрт жер учаскесі шаруашылықтың нақты қажеттілігінен едәуір артық болған.

«Белгіленген жүктеме нормативтеріне сәйкес, мұндай жайылымдар шамамен төрт мың бас ірі және ұсақ мал ұстауды көздейді. Алайда іс жүзінде фермерде небәрі 400-ге жуық мал болған, бұл қажетті мөлшерден он есе аз. Сонымен қатар, жер пайдалану шарттары заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген. Прокурордың наразылығы бойынша жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды», – делінген прокуратура хабарламасында.