Атырауда жоғалып кеткен мектеп оқушысы бір жарым тәуліктен соң табылды

Атырауда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім бір жарым тәуліктен соң аман-есен  табылды. Жайық-Бином мектеп лицейінің  басшылығы 10-сынып оқушысын бір күн бұрын мектептен қуған көрінеді. Ұстаздары жасөспірімді оқу орнының тәртібіне көнбеді,- дейді. Ал ата-анасына қыз бала мектеп мұғалімдерінен әбден қысым көргенін айтқан. 

Ғалия Тұяққалиева қызының аман-есен табылғанына шүкір деп жүр. Екі тәулікке  жуық  жоғалған  қызын  туыс-таныстары мен сыныптағы ата-аналарлың көмегімен,  табаны тозып жүріп, зорға тапқан.  Айтуынша, қызы мектеп мұғалімдерінен қысым көріпті.

ҒАЛИЯ ТҰЯҚҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бала кеше түнде подъезде қонған.  Таңертең қарны ашқан. Тым болмаса даяшы болып жұмыс жасайын деп бірінші күні стажировкаға сөйтіп барған да, сол күні ақшасын тауып тамақ  жепті. Мама, мен шаршадым, оқығым келеді, өзіммен өзім жүргім келеді,- деді. СеВсе время на меня давид,- дейді. Со стороны завуча чувствую сильное давление дейді.

Анасы қызының тәртібі үшін бірнеше рет мектепке шақыртқанын растайды. Бірақ бауырларын бағуға көмектесіп жүрген  үлкенінің мектептен қууға себеп болатын жат мінезін байқамадым,- дейді анасы. Бір күн бұрын мектеп басшылығы құжаттарын алып  кетуді талап еткен. Соны естіген қызым қатты  күйзелді,- дейді.

ҒАЛИЯ ТҰЯҚҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мама, если меня из этого школы исключит это моя единственная надежда,- деді. Здесь у меня смысл появилась,- деді. Егер де осы мектептен шығарса үйден кетем деді. Сен мені неге қорғамадың. Мені заңсыз кінәлайды. Мен ештеңе ұрламадым. Темекі тартқан жоқпын. Олар жай меня подставили дейді. Ал сен мені қорғамай, оларға сендің деп.

10 «П» сыныбының оқушысы  қаңтардың басында ғана ашылған Жайық-Бином мектеп-лицейіне сыныптастарымен бірге сол маңдағы 30-мектептен ауысып келген.  Содан бері  мектеп тәртібіне көнбей, сабақтан жиі қалды,- дейді көңілі қалған ұстаздары. Бірнеше рет ескерту беріп, анасын мектепке шақыртып, психолог та жұмыс істегенін айтады. Сыныптастары мен пән мұғалімдерінен де жиі шағым түскен соң  баланы алып кет дегеніміз рас деп отыр.

АЛТЫНАЙ ДЕМЕСАНОВА, ЖАЙЫҚ-БИНОМ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Үнемі сабаққа кешігу,біріншіден, екіншіден  сабақ кезінде ұйықтап қалады. Бірнеше мәрте темекі шеккенін кластастары да көрген. Қаншама рет гардеробта қолындағы сигартін таптық. Мамасы жауапкершілікпен қабылдаған жоқ десе де болады.+Ата анаға ескертілді. Егер оқушыны бақылай алмасаңыз біз өз мектебіне қайтаруға тиіспіз. Сіздермен басқаша жұмыс жасай алмайтыз деп ескерткенім рас.

ӘЛИЯ МАҚЫШЕВА, БИНОМ ЖЕЛІЛІЛЕРІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Тіл табыспағаны, сабаққа қалып келеді, сабақтан кетіп қалады. Ешкімді ескертпей. Содан кейін темекі тарту нәрселер болып жатты. Мектеп тарапынан қысым болған жоқ. Баламен жұмыс жасап жатыр мектеп, ол ұнамайды ата-аналараға бәлкім. Бірақ мектеп алгортимнан және де нормативтік құқықтық актілерден  дұрыс емес жұмыс жасаған жоқ.

Мұғалімдер бала бұған дейін бірнеше мектеп ауыстырды дегенді айтады. Бірақ анасы, мінезіне емес мекен-жайға байланысты ауысты,- дейді. Қазір білім басқармасы зерделеу жұмысын бастаған. Ал анасы егер мектеп кері алмаса, министрлік пен сотқа шағымданамын ,- деп отыр.