Алматы облысында әйеліне қысым көрсеткен кәсіпкер ұсталды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2026

Алматы облысында әйелін бопсалады деген күдікпен кәсіпкер ұсталды. Еске салсақ, 29 жастағы Анеля Аманғалиева күйеуінен ұзақ уақыт бойы қысым көріп жүргенін айтып, көмек сұраған еді. Арыз түскен кезде күдікті шетелде болған. Қалаға оралған бойда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. 

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТЕМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, Қарасай ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.