Қыздың қыр ізінен қалмаған жігіт темір торға тоғытылды. Бойжеткен бүкіл байланыс желісінен бұғаттаған. Бірақ мазалауын қоймаған. Қулыққа басып, банк қосымшасы арқылы ақша аударып, түсіндірме жолына хат жазған. Амалы таусылған бойжеткен полицияға жүгінген. Оның үстінен қылмыстық кодекстің «сталкинг» бабы бойынша іс қозғалған.
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Іс материалдарын зерттеп, процеске қатысушылардың пікірін тыңдаған сот айыпталушыны ҚК-нің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танып, оны 25 тәулікке қамады.