«Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар» атты халықаралық конференция өтті

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2026

«Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар». Осындай атаумен Елордада халықаралық конференция өтті. Президенттік орталықта бас қосқан мамандар мен депутаттар гендерлік саясат пен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелерін саралады. Жиын барысында Ата заңдағы жаңашылдықтардың маңызына тоқталған Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова, әке институтының конституциялық деңгейге көтерілуін тарихи қадам деп бағалады. Оның айтуынша, бұл норма келешек ұрпақтың тәрбиесі мен білім сапасына тікелей әсер етпек.

ЕКАТЕРИНА СМОЛЯКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Менің назар аударатын нәрсем әке болу институты осыған дейін коституциямызда болмаған,қазір конституция деңгейіне көтеріліп отыр әке болу институты. Бұл өте маңызды себебі әкенің рөлі отбасында ол ерекше, әкенің маңызы зор, жалпы бала тәрбиелеуде халықаралық зерттеулерге сүйенсек әкемен өскен балалардың білім үлгерімі жалпы ортада өсуі өте жоғары болады. Және конституция деңгейінде көтерілгені бұл еліміз үшін өте маңызды.