6-сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу басталды. Білім бәйгесі жетінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен El Umiti корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтуде. Жобаның мақсаты - ауыл мектептерінде білім алатын дарынды оқушыларға мүмкіндік беру және сапалы білімге жол ашу.Биыл қатысушыларды тіркеу 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында жүргізіледі. Олимпиадаға қатысу тегін.
ГҮЛІМ ЖҮСІПОВА, «EL UMITI» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Осы олимпиадаға бізде 6 жыл ішінде 817 мыңнан астам оқушы қатысып және оның 1800 қазіргі кезде үздік мектептерде білім алып жатыр. Мақтанышымыздың бірі бірінші түлектер осы олимпиадаға қатысып үздік университеттердің табалдырығын аттап, сол жақта оқып жатыр.
ЖАНЕЛЬ ТУКЕНОВА, «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Бұл Мың бала" олимпиадасы туралы маған мектептегі ұстаздар айтты. Солардың көмегімен мектепте қатысып, жеңімпаз болып атандым