Рұқсат етілмеген дәрілерді сақтаған компанияға қомақты айыппұл салынды

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды сақтау фактісі бойынша «Б» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Жүргізілген тексеру нәтижесіне сәйкес, Сарысу ауданының стоматологиялық кабинеттерінің бірінде ҚР аумағында тіркелмеген дәрілік заттарды сақтау жүзеге асырылғандығы анықталды. Шетелдік өндірісті (Ереван қ.) тері астына енгізуге арналған дәрілік зат табылды. Оны сатып алғанын растайтын құжаттар жоқ.

ЖШС-ның өкілі кінәсін мойындап, бұл дәрілік заттардың жеке пайдалану үшін сатып алынғанын түсіндірді.

Сот кінәсін мойындауын және құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен «Б.» ЖШС ӘҚБтК 426-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған қызметін 10 тәулікке тоқтата тұрып және көрсетілген дәрілік заттарды тәркілей отырып, 605 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: //turkystan.kz/article/276946-zambylda-ruqsat-etilmegen-darilerdi-saqtagan-kompaniiaga-qomaqty-aiyppul-salyndy