Шымкент қаласында патрульдік полиция қызметкерлері ірі көлемдегі берешегі бар жүргізушіні анықтады,-деп хабарлайды Astana TV.
Тексеру барысында оның бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, сондай-ақ орындалмаған несие міндеттемелері мен өзге де қаржылық берешегі бар екені белгілі болды. «Hyundai Sonata» маркалы автокөлік иесінің жалпы берешегі 15 млн теңге.
Борышкер «Қорғау» жүйесі арқылы анықталды. Аталған жүйе сақтандыру полисі жоқ, айыппұлдарын төлемеген, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланатын көліктерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.