Қазақстанда зейнетақы алушылар саны 1,5 миллионнан асты

Фото: kazaknews.kz

Елімізде қазір 1 млн 520 мың адам зейнетақы алады. U.S. News & World Report зерттеуіне сәйкес, Қазақстан зейнеткерлік жаста өмір сүруге қолайлы елдер рейтингінде 89 мемлекеттің ішінде 77-орында тұр.

Зейнетақы қорының сауалнамасына сай, тұрғындардың 39,3%-ы жинақтарын қартайған шақтағы негізгі табыс көзі санайды. 25%-ы мемлекеттен берілетін зейнетақыға үміт артса, 15,6%-ы өзге жинақтарына, 11,6%-ы жеке бизнесіне сенеді. 5,4%-ы туыстарының қолдауына, 2,6%-ы сақтандыру төлемдеріне иек артады.