“Көктайғақ болады”- ТЖМ ескерту жасады

Фото: pixabay

Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

27 ақпан мен 7 наурыз аралығында облыс аумағында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Осы апта ішінде ауа райының құбылуына байланысты жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Осыған орай, төтенше қызмет жүргізушілерден жолда аса сақ болуды, жылдамдықты шектеп, көлік арақашықтығын сақтауды сұрайды. Шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда алыс сапарларды кейінге қалдырған жөн.