«AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу кезеңі басталады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне қатысу үшін 100 000 қатысушыны ауқымды іріктеудің басталғанын жариялайды.

Бағдарлама Қазақстан экономикасының басым салалары үшін қолданбалы ЖИ шешімдер әзірлеуге қабілетті, жасанды интеллект және кәсіпкерлік бағытында білімі бар мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.