Адам құқығы мен цифрлық дәуір талаптары талқыланды

Жаңа Конституция адам мүддесін қорғап, заманауи сын-қатерлерге жауап беретін құжат болады. Бүгін Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының диалог алаңына жиналған сарапшылар осылай дейді. Жаңа Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі нығайтуға бағытталған. Мәселен, мемлекеттің зайырлы сипаты, оның ішінде білім беру саласындағы қағидалар нақты бекітіледі. Жиында жаңа институттар - Құрылтай мен Қазақстан халық кеңесінің мәртебесі, олардың мемлекеттік басқарудағы рөлі сөз болды. Сонымен қатар, цифрлық құқықтар мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері көтерілді. Сарапшылар мұндай кездесулер кәсіби тәжірибе алмасуға және буындар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді дейді.

ЖАНДОС ШАЙМАРДАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫ:

Цифрлық дәуір талаптарына сай нормалар енгізу өзекті болып отыр. Қазіргі Конституцияда хат алмасу құпиясы, байланыс еркіндігі туралы айтылғанымен, 21-ғасырдағы әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалар кеңістігіндегі құқықтар нақты айқындалмаған. Сондықтан азаматтардың цифрлық құқықтарын бекіту - болашақ ұрпақ үшін маңызды қадам.