Алматыда Заң колледжінің ұйымдастыруымен «Дулат Жазыбаев тағылымы» ғылыми-интеллектуалдық сайысы өтті. Зияткерлік додаға қала колледждерінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алатын студенттер қатысты. Жиналған 6 топ өзара білім мен біліктілікті сынға салды. Сайыс болашақ заңгерлердің құқық саласында заманауи сандық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды. Қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби бәсекелестік алаңында бақ сынады.
ГҮЛНӘР СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Заң саласындағы түрлі кейстер болады, сол кейстерді шешу барысында өздерінің осы колледж қабырғасында алған білімдері оларға көмекке келеді деп ойлаймын.
ГУЛЬШАТ РАХЫМБАЙ, ЗАҢ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Осы колледждің негізін қалаған марқұм Жазыбаев Дулат Мұсабалаұлы құқық саласына да білім саласына орасан зор еңбек көрсеткен. Бұл кісінің аты өшпеуін және болашақ мамандарға үлгі өнеге ретінде, деген мақсатпен ұйымдастырып жатырмыз.