Алматыда “PSYTALKS ALMATY” республикалық форумы өтті

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2026

Алматыда PSYTALKS ALMATY республикалық форумы өтті. Жиында жасанды интеллект дәуіріндегі балалардың психологиялық әл-ауқаты мәселесі көтерілді. Ауқымды шара білім беру саласының сарапшыларын, психологтарды, ғалымдарды, мектеп басшыларын және IT-жоба авторларын бір алаңға біріктірді. Форум барысында жасанды интеллект дәуіріндегі балалардың психологиялық қауіпсіздігі мен мектепте қолайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, суицидтің алдын алу, тәуекелдерді ерте анықтау және заманауи психологиялық қолдау тетіктері сөз болды.

ВЕНЕРА КОКАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Осы форумнан кейін біз ойлаймыз бәріміз бірігіп, яғни қоғам, отбасы, білім саласы медицина саласы полиция, тағы да басқа орталықтармен шешу жолдарын тауып үлкен жұмыс атқарылады деген ойдамын.

Форум аясында балалардың психологиялық жағдайын бақылауға арналған заманауи цифрлық шешімдер таныстырылды. Солардың бірі - We Global AI қосымшасы. Жоба мектеп оқушыларының эмоционалдық жай-күйін саралап, қауіпті ерте анықтауға мүмкіндік беретін көрінеді. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе алдын алу шараларын дер кезінде қабылдауға және психологиялық қолдауды уақтылы беруге көмектеседі.

ЕРЖАН МЫРЗАБАЙ, ПСИХОЛОГ:

Қосымшаны көбінесе оқушылар қолданады. Ол жерде профориентация және психология екеуі қатар жүреді. Бір жағынан біз оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтап бағыт бағдар береміз екінші жағынан жағымсыз ойларда, көңіл күйі болмаған кезде үйдегі проблема, кластағы проблемалар туындаған кезде арнайы диагностика құралдары арқылы анықтап оған көмектесеміз.