Елордалық қариялар Алғыс айту күнін мерекелеуде

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2026

Көктемнің алғашқы күнімен келетін Алғыс айту мерекесін елордалық қариялар бүгіннен бастап тойлап жатыр. Бұл күнді ерекше ықыласпен күткен Астаналық қарияларымыз «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында бас қосты. Күміс күлкі мен ақ батаның мекеніне айналған бұл шаңырақта ән де шырқалды, күй де төгілді. Тіпті, ақ жаулықты әжелеріміз жастық шақтарын еске алып, мың бұрала би билеп, көрерменді тәнті етті. Айта кетейік, есігін ашқанына 4 жыл толған бұл орталыққа 4 мыңға жуық қария тұрақты келеді. 

ӘБДІРАЗАҚ ТӨРЕБЕК, ЗЕЙНЕТКЕР:

Зейнет жасына шыққанан кейін осы жердеміз. Әнімізді айтамыз кружоктарға барамыз, рухани байлық алатын жеріміз бұл біздің. Біздің қазақ өзі даламыз сияқты кең дархан халықпыз ғой тек жақсылық болсын еліміз өсе берсін өркендей берсін көп ұлтты еліміз жасай берсін, халқымыз тыныш болсын.