Түлкісбас ауданында 1500 түп ағаш көшеттері егілді

Ал Алғыс айту күніне орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысында ағаш көшеттері егілді. Игі іс аудан орталығындағы «Жанкент» саябағында ұйымдастырылды. Шараға этномәдени орталықтардың төрағалары, қоғамдық ұйым мүшелері, Аналар кеңесінің төрайымы мен ардагерлер қатысып, 100 дана емен ағашының көшеттерін екті. Жасыл желек отырғызу жұмысы бүгін Түлкібас ауданындағы 15 ауылдық округтің аумағында да өтті. Көпшілік жұмыла отырып 1500 түп көшет екті. Аталған іс-шара аудан аумағын абаттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және ұлтаралық достықты нығайту мақсатында өткізілген дейді жергілікті билік өкілдері. Жалпы, биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан аумағын көгалдандыру мақсатында 63 мың дана көшет отырғызу жоспарланып отыр. Оның 18 мыңнан астамы көктем айларында егілмек.

ДАРХАН УСМАНОВ, ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Аудан көлемінде 2025 жылы «Таза Қазақстан» акциясында 76 мыңға жуық көшет егілді. Сонымен қоса 450 тоннадан аса қоқыс тазаланып шығарылды. 2025 жылы бізге 63 мың тал-көшет егу жоспары берілген. Біз ол көшет егуден жоспардан тыс орындадық та, 76 мың көшет отырғыздық. Осы жылы да бекітілген жоспарымызды асыра орындау жоспарлануда.