112 пультіне Көкпекті ауданында үш жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түсті.
ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, үш автокөліктен бес адамды эвакуациялап, Көкпекті ауылына жеткізді.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.