Иран аумағында 96 Қазақстан азаматы жүр

Фото: ҚР СІМ

Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті.

Қазіргі таңда Иран аумағында 96 Қазақстан азаматы бар.
Олардың 18-і — дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2 азамат — студент, 70 қазақстандық «Заркух» зауытында еңбек етеді. Сондай-ақ алты азамат Иранда жеке сапармен жүр.

Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі мекемелері отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан.

Қазіргі уақытта Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.