Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының көшбасшысы Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды.
Бұл жолы отандасымыз 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, үздік атанды.
Анастасия Беловодова 1:17.99 уақыт нәтижесімен жетінші орын алды. Варвара Глухова 32-орынға тұрақтаса, Айзада Рымбек 34-орынға ие болды.
Айта кетейік, бір күн бұрын Шумекова 500 және 1500 метр қашықтықтарда да топ жарған еді.