Бүгін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Ұлытау облысы Жезқазған қаласынан Қаражал қаласына санитарлық рейс орындады.
2024 жылы туған сәби жедел түрде облыс орталығына медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді. Жол шамамен 300 км құрады.
Ұшу штаттық режимде өтті. Науқас медицина қызметкерлеріне тапсырылып, мамандардың бақылауында.