Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің бесінші жарыс күні, 1 наурызда финалда ел құрамасынан 6 боксшы шаршы алаңға шығады.
23 ақпан-2 наурыз аралығында болып жатқан турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Күндізгі сессия (17:00)
- 2 жұп. 54 келі. Әйелдер. Элина Базарова — Лорен Макки (Англия)
- 5 жұп. 65 келі. Әйелдер. Лаура Есенгелді — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
- 8 жұп. 80 келі. Әйелдер. Надежда Рябец — Ярен Дузтас (Түркия)
- 9 жұп. 80 келіден жоғары. Әйелдер. Валерия Аксенова -Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
- 11 жұп. 50 келі. Ерлер. Даниял Сәбит — Билалхабаши Назаров (Азербайджан)
- 15 жұпа. 70 келі. Ерлер. Фарух Токтасынов — Лавант Броунли (АҚШ).
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Болгария астанасына 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.