Араб елдерінен қанша турист елге қайта алмай отыр?

фото: pixabay

Қатарда 1 мың, Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мыңға жуық қазақстандық азамат бар. Мекке мен Мединада 200-ге тарта адам қалған. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қорының басшысы Инна Рей айтты. 

«Өздеріңіз білесіздер, үш күн бұрын болған оқиғаларға байланысты қазақстандық туристердің бір бөлігі бірнеше елде уақытша қалып отыр. Біріншіден, Біріккен Араб Әмірліктерінде шамамен екі жарым мыңға жуық қазақстандық турист бар. Олардың барлығы «Туристік қамқор» қоры мен туроператорлардың үйлестіруімен қонақ үйлерге орналастырылды. Ешкім далада қалған жоқ, барлық азамат бақылауда. Екінші ел – Сауд Арабиясы. Қазіргі уақытта онда екі жүзден астам қазақстандық турист бар. Олардың да барлығы қонақ үйлерге орналастырылып, қажетті жағдай жасалған. Үшінші ел – Қатар. Бұл елде бір мыңнан астам қазақстандық турист бар. Барлық турист қонақ үйлерге орналасқан, жағдай тұрақты», – деді «Туристік Қамқор» қорының директоры Асылхан Есілов.