Иранда 96 Қазақстан азаматы жүр

96 қазақстандық Иранда қалып қойды. Оның 18-і дипломат, 2 студент, 70 жұмысшы және 6 адам жеке шаруасымен жүр. Иран Ислам Республикасы отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және олардың аман-есен шекара асуына көмектеседі. Бұл туралы Қазақстандағы Иранның Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар мәлімдеді. Қазақстандықтардың жағдайы ерекше бақылауда екенін айтты.

АЛИ АКБАР ДЖОУКАР, ИРАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Бізде, өкінішке қарай, толық мәлімет жоқ. Қазақстанның Ирандағы елшілігі мен Сыртқы Істер Министрлігінің мәліметтеріне сүйеніп отырмыз. Бірақ, қазір уақытша кеңес еліміздегі шет мемлекет азаматтары шекара асқанша қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы шаралар қолға алынуда. Әлбетте, бауырлас Қазақстан азаматтарына ерекше көңіл бөлінеді.