Шымкенттік шенеунік қарамағындағы қызметкерге қол көтерген

Шымкенттік шенеунік қарамағындағы қызметкерге қол көтерген. Әлеуметтік желіде видео тарады. Автордың айтуынша, бұл жағдай былтыр болған, бейнежазба сол кезде қала әкіміне дейін жолданған көрінеді.  Бұған қатысты әкімдік ресми жауап берді. Қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлады.  

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІ:

Қала әкімдігі заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп қағидаттарын ұстану және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу ұстанымын басшылыққа алады.  Егер таралған бейнежазбада көрсетілген жайттар расталса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Тексеру аяқталған дейін асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз.