Астанада «Qyran» тұрғын үй кешеніне қатысты ірі алаяқтық дерегі әшкере болды. «International Invest Company» қызметкерлері пәтерлерді нарық құнынан төмен бағамен ұсынып, халықты алдаған. Онымен қоймай, бір баспананы бірнеше адамға сатқан. Күдіктілер сенімге кіру үшін жалған құжаттар мен макеттерді қолданып, ресми сатып алу-сату шартының орнына мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау келісімдерін жасасқан. Жәбірленушілер ақшаны күдіктілердің жеке шоттарына аударған. Қазіргі таңда шығын көлемі 8 миллиард теңгеден асып жығылды.
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ, ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынды. Үш күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы, төртіншісіне «кепіл» қолданылды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.