Алаяқтық көбейіп, тұрғын үй түйткілі шешілмей тұр: «AMANAT партиясы» алаңында өзекті мәселелер көтерілді

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2026

Алаяқтық өршіп, тұрғын үй түйткілі шешілмей тұр. «AMANAT» партиясында қала тұрғындары мен республика бойынша азаматтардың арыз-өтініштерін қарауға арналған кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған кездесуде халықты алаңдатқан ең өзекті мәселелер ашық айтылды. Қабылдау барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылумен қамту, ескірген үйлерді жаңғырту, аулаларды абаттандыру және инфрақұрылым сапасы сынды түйткілдер кеңінен көтерілді. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселелер күнделікті өмір сапасына тікелей әсер етіп отыр. Сонымен қатар соңғы уақытта алаяқтық жолмен мүлікті иемдену деректерінің жиілегені ерекше алаңдаушылық тудырды. Кездесуде көтерілген барлық мәселе партиялық бақылауға алынып, назарда болады. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, нақты шешу тетіктері кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

БОЛАТ КЕРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Соңғы кезде алаяқтық жолмен мүліктерді иемдену фактілері жиілеп кетті. Біріншіден азаматтардың құқықтық сауатсыздығын көрсетеді. Көп жағдайда жеңіл ақша үстінен проценті жоқ деген ақшаға қызығып, әсіресе кәсіпте жүрген азаматтар ұрынып қалуда. +Жалпы азаматтарды мазалайтын үй-жай мәселесі. Сол алдағы уақытта партиялық бақылау, депутаттың жеке бақылауы ретінде өзіміздің назарымызда ұстаймыз.