Ұлттық академиялық кітапханада түркі әлемінің әдеби интеграциясы талқыланды. Түрксой халықаралық ұйымының бас хатшысы, жазушы Сұлтан Раев кітапхана жұмысымен танысып, басқосуда мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін сөз етті. Сонымен қатар, қаламгердің тарту еткен кітаптары негізінде «Түркі әлемі: Ортақ тамыр, ортақ мұра» атты көрме ұсынылды. “Қаламгер ұстаханасы” жобасы шеңберінде «Әдеби процесс және әдеби интеграция» тақырыбында дәріс оқып, зиялы қауым өкілдерімен пікір алмасты.
СҰЛТАН РАЕВ, ТҮРКСОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:
Біз бұдан кейін де кітапхананы қолдаймыз. Жыл сайын әртүрлі бағыттағы 100-ден аса кітап шығарамыз. Сол кітаптардың барлығын осы Ұлттық кітапханаға жеткіземіз.
БАУЫРЖАН БАБАЖАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Былтыр тек қана астаналық қаламгерлер оқыған болсатын дәрісті. Біз жобаның аясын кеңейтіп, Қазақстанның өңірлерінде тұратын қаламгерлердің де дәрісін тыңдауға, ұйымдастыруға бел байлап отырмыз.