Енді қоғамдық орынды ластаған азаматтарға айыппұлды тек полиция емес, жергілікті әкімдік те сала алады. Жаңа тәртіпке сәйкес, заңсыз қоқыс тастаған, жасыл желекті бүлдірген немесе қала инфрақұрылымына зиян келтірген тұрғындарды әкімдік қызметкерлері полицияны күтпей-ақ жауапкершілікке тарта алады.
Айта кетейік, былтыр тазалық талаптарын бұзған 591 мыңнан астам адамға 5,2 млрд теңге айыппұл салынған.