Қызылшаға қарсы профилактика күшейтілді

фото: gov.kz

Өткен аптамен салыстырғанда қызылша жұқтырғандар саны 417-ден 311-ге дейін төмендеді. Дегенмен эпидемиологиялық ахуал толық тұрақталған жоқ.

Астанада – 81, Алматыда – 48 жағдай тіркелді. Атырау, Алматы және Қостанай облыстарының әрқайсысында – 57, Батыс Қазақстанда – 29 адамнан қызылша анықталған.

Науқастардың басым бөлігі – вакцина алмаған 14 жасқа дейінгі балалар.

Денсаулық сақтау министрлігі 6–10 айлық сәбилерге қосымша екпе енгізіп, бұрын егілмеген балалар мен 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін вакцинациялауды ұйымдастырды.