Әлеуметтік желілерде тараған шұғыл хабарлама шындыққа жанаспайды - ІІМ

фото: shutterstock.com

ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «шұғыл хабарландыру» ретінде тарап жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Министрлік дерегінше, азаматтарды белгілі бір елдерден келген адамдармен қарым-қатынас жасамауға шақыратын мәтін ресми құжат емес және ведомство тарапынан таратылмаған.

ІІМ тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, күмәнді және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды. Сондай-ақ жалған ақпаратты тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.