БҚО-да құтқарушылар жоғалған ер адамды тапты

ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы бойынша 112 пультіне 1992 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Ол «Құлынкеткір» қыстауынан «Батпаншар» қыстауына қарай автокөлікпен шығып, байланысқа шықпай қалған.
Іздеу жұмыстары барысында автокөлік «Батпаншар» қыстауынан 30 шақырым қашықтықта ойпаң жерде тұрып қалған күйінде табылды. Ер адам зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Іздеу жұмыстарына ТЖМ, полиция және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.