Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары кабинетінде ішімдік ішкені үшін қызметтен қуылды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2026

Жамбыл облысы полиция депертаменті бастығының орынбасары  кабинетінде ішімдік ішкен. Оны ішкі қауіпсіздік қызметкерлері анықтаған.Медициналық куәландыру жүргізіліп, масаңдық фактісі расталған. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша қызметкер  ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Полиция заңдылық пен қызметтік тәртіпті бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын ұстанады. Лауазымы мен атағына қарамастан, кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қолданылады, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.