Ақтөбеде автогаз құю станциясында жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2026

Ақтөбеде автогаз құю станциясында жарылыс болды. Жарылыс салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме отқа оранған.  Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебін сараптама анықтамақ. Жарылыстың жойқын болғаны сонша, оны жақын маңайда тұратын тұрғындар да сезген.

АСЛАН ҚОЖАГЕЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД, ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Оқиғаның себебі анықталуда.Өртті сөндіруге ТЖД нен , жедел құтқару жасағынан және апаттар медициналдық орталығынан шамамен алпыс қызметкер және он алты бірлік техника жұмылдырылды.