Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті

Конституцияға енгізілетін өзгерістер адам құқықтарын қорғауға және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталған. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Сапар барысында Жалпыұлттық коалиция мүшелері ұстаздар қауымымен, мәдениет саласының өкілдерімен, кәсіподақтар және еңбек ұжымдарымен жүздесті. Сондай-ақ, өңір жастарымен кездесіп, олардың елді жаңғыртудағы белсенді рөлі айтылды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елдің болашағына қатысты тағдырлы шешімді халық үніне құлақ аса отырып қабылдау, нағыз демократияның жарқын көрінісі екені анық. Жаңа конституцияның жобасында заң мен тәртіп қағидатына азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға және орнықты даму бағдарына баса мән беріліп отыр.