Дәрігерлер Конституциялық реформаның ел болашағы үшін маңызын талқылады

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2026

Елордадағы University Medical Center базасында Конституциялық реформаның маңызы мен ел болашағына тигізер әсері талқыланды.  Сарапшылар мен дәрігерлер жаңа Конституция жобасындағы адами капиталдың рөлі мен ғылымды дамыту мәселелері туралы сөз етті.

Орталықта өткен кездесу еліміздегі саяси жаңғыру процестерінің практикалық кезеңін айқындайды. Реформаның негізгі бағыттары тек заңнамалық өзгерістерді  емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның, соның ішінде медицина мен ғылым өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді. Бұл өз кезегінде мамандардың өз құқықтарын қорғап қана қоймай, елдің саяси және әлеуметтік өміріне белсенді қатысуына жол ашады.

ЮРИЙ ПЯ, "UMC" БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл Қазақстан тарихындағы, әсіресе тәуелсіз Қазақстан тарихындағы шын мәніндегі тарихи сәт. Мәселе тек бір адамның көзқарасының өзгеруінде емес  бұл тұтастай қоғамдық сананың трансформациясы.

Жиынға қатысқан сарапшылар Қазақстанның бүгінде дамудың жаңа бағытын таңдап отырғанын алға тартты. Олардың пайымдауынша, жаңа Конституция жобасы құрғақ заңдар жиынтығы емес, мемлекеттің ең басты байлығы адам және оның интеллектуалдық әлеуеті екенін айқындайтын құжат. Осылайша, жаңа саяси вектор білім мен ғылымды ел дамуының басты драйверіне айналдырмақ.

ӘЙГЕРІМ СЕРІКЖАНОВА, САЯСАТТАНУШЫ:

Ғылымға білімге инвоацияға негіз қоятын адами капиталды басты құндылық ретінде санайтын мемлекет ретінде дамуды біз векторды таңдап жатырмыз.Жалпы жаңа конституция қабылдаудың бірден бір маңызды себебі осы деп есептеймін.

Қорыта айтқанда, жаңа Конституция - әділетті қоғам мен озық мемлекет құрудың құқықтық іргетасы. Бұл реформалар еліміздің білім мен ғылымға негізделген жаңа сапалық кезеңге өтуіне жол ашады.