Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлем мейіріммен әсем» атты әдеби-сазды кеш өтті. Мерекелік шара қаладағы орталық кітапханада ұйымдастырылып, ана мейірімі мен әйел қауымының асыл қасиетін дәріптеген тағылымды кешке айналды. Кеш барысында ақындар жырдан шашу шашып, аналарға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Әсем әндер шырқалып, мерекелік көңіл күй еселене түсті. Сондай-ақ, кітапхана төріне «Ана мейірімі» атты кітап көрмесі қойылып, оқырманға ана тақырыбындағы шығармалар таныстырылды.
ТОЛҚЫН ҚҰРАМЫСОВА, А. ЧЕХОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ЖЕТЕКШІСІ:
Ақындардың, қыздарымыздың, әйелдердің, аналарымыздың кітаптарын дәріптеп, сонымен қатар ақын- жазушыларды шақырып қазіргі таңда іс- шараға, сол ақын- жазушыларға еліміздегі қыздарымыз бой түзеп, сол кісілерден өзіне қажетті дүниені алсын деген мақсатта ұйымдастырылып отыр.
Кешке арнайы келген жауынгерлер де сөз сөйлеп, аруларға ақ тілектерін арнады. Олар ел тыныштығын қорғау басты міндет екенін атап өтіп, аналар мен нәзік жандардың амандығы үшін аянбай қызмет ететіндерін жеткізді.
АЛМАТ ЖЕТКЕР, 5571 ӘСКЕРИ БӨЛІМ ЖАУЫНГЕРІ:
Біздің басты міндетіміз ол сіздің қауіпсіздігіңіз. Біз әрдайым сіз үшін тік тұрамыз. Одан артық бізге ештеңе керек емес және шын жүректен тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын.