Алматыда «Жасыл болашақ» эко саябағы ашылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жоба аясында балалар табиғатты аялаудың маңызын іс жүзінде көрсетті. Ата-аналарымен бірге көшет егіп, әр ағашқа өз есімдерін берді. Балалар «Жас экологтың антын» қабылдап, табиғатты қорғауға уәде етті. Сондай-ақ 2040 жылға арналған тілектер салынған «Уақыт капсуласы» табысталды.
ЛӘЗЗАТ БАЙБОСЫНОВА, № 76 БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Бұл жердегі мақсатымыз балаларды кішкентайынан табиғатты қорғауға аялауға үйрету. Әр бүлдіршініміз өз атымен шырша егеді және сол шыршаға өзінің аттары беріледі. Бұл оларды табиғат алдындағы жауапкершілігін арттырады.
МАНСҰР ЖАЛҒАСҰЛЫ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:
"Таза Қазақстан"- біздің болашағымыз. Табиғат ол айнала қасиетті өлкеміз. Сондықтан әр адам жауапкершілікті арттырып табиғатқа шынайы жанашырлық танытуы тиіс. "Таза Қазақстан" шарасына ат салысайық, жас достар табиғатты аялайық!