Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт: зардап шеккендер саны 11 адамға жетті

Фото: pixabay.com

Семей қаласындағы ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін медициналық көмекке жүгінгендер саны 11 адамға дейін артты. Олардың ішіндегі төртеуі — бала.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің біршамасы ауруханаға жатқызылған.

Бір бала «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің балалар бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тағы үш бала дәрігерлік тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілген.

Ересектер арасында медициналық көмекке жеті адам жүгінді. Олардың төртеуі университеттік нефрология орталығына жатқызылды. Екі адам тексерістен кейін оқиға орнында қалған, ал бір адам медициналық тексеруден бас тартқан.