Балалар ойын-сауық орталығынан өрт шығып, 11 адам зардап шекті

Семейде ойын-сауық орталығы өртеніп, 11 адам зардап шекті. Оның төртеуі – бала. Өрт ойын аймағынан басталған. Ғимарат ішіндегі тез жанғыш материалдардың әсерінен қас-қағымда өршіп кеткен. Қою түтін мен лаулаған жалын құтқарушылардың жұмысын қиындатқанымен, қызыл жалын  толық сөндірілді. Жедел желі іске қосылып, арнайы штаб құрылды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысты тиісті сараптама тағайындалған. Өрттің шығу себебі мен оған қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Енді өңірдегі барлық ойын-сауық орталығы тексеріледі.