Таяу Шығыстан 900-ден астам қазақстандық елге оралды. Бүгін-ертең Оманнан тағы 500-ден астам азамат келуі тиіс. Ел тұрғындары әуе рейстерінен бөлек жер үсті жолдары арқылы да қайтарылып жатыр. Қазір Иранда 47, Израильде 163, Катарда 3000, Біріккен Араб Әмірліктерінде 4000, ал Сауд Арабиясында шамамен 1800 Қазақстан азаматы бар. Олардың барлығы дін аман, зардап шеккен не қайтыс болғаны туралы ақпарат жоқ. Көмектесу үшін арнайы штаб құрылды.
ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Джидда – Атырау, Джидда – Ақтау эвакуациялық рейсі жоспарланған. Олармен 326 азамат елге қайтарылады деп жоспарланған. Әуе рейстерінен бөлек қазақстандықтарды жер үсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Тегеран, Ашхабад, Горган 15 азаматтың Иран-Түрікменстан шекарасы арқылы өтуі қамтамасыз етілді.