Ажырасу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2026

Жастар шаңырақ көтеруге асықпайды. Елімізде отбасын құратындар азайған.  Бір жыл ішінде 114 жарым мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға төмен. Ал ажырасу, керісінше, көбейіп барады.   

Былтыр 46 мыңға жуық отбасының шаңырағы шайқалған. Індеттей таралған ажырасу көрсеткіші әсіресе ірі шаһарларда жоғары. Алматы қаласында 5 мың жағдай тіркелсе, елордада 4 мыңнан астам жұп екі жаққа кеткен. Ал өңірлер арасында Қарағанды облысы көш бастайды, онда 3 мың 800 неке бұзылған. Ажырасу себептерін қоғам әртүрлі түсінеді.

БЛИЦ:

- Бір-бірін изучать етпегеннен болады

- Бір-біріне сенбегеннен шығар

- Жігіттерде ответственность жоқ. Қазір қыздар бәрін істеп жатқан.

- Қыздар тоймайды ғой. Жетіспеушілік көп болғаннан

- Все связана с деньгами.

Психологтардың айтуынша, отбасылық дағдарыс бір күнде пайда болмайды. Көп жағдайда мәселе өзара түсіністіктің болмауынан, эмоцияны басқару дағдысының әлсіздігінен және жауапкершілікті бөлісе алмаудан туындайды. Үйленбес бұрын дайындық керек дейді.

ЕРЖАН МЫРЗАБАЙ, ПСИХОЛОГ:

Біріншісі, жастардың отбасылық өмірге дайын болмауы, тым жоғары, тым көп ажырау, күтулер жоғары, одан кейін әртүрлі инстаграмдарға, коучтарға, психологтарды көріп алады, той алады. Сондықтан өмір елестетеді, өмір бір нәрсені күтеді. Одан кейін мұнау Red flag, green flag деген қазіргі қатты көбейіп кеткен дәреже ажырасу салу, отбасын бұзу салу оңай.

Ал дін өкілдері мәселе рухани дайындықтың таяздығында екенін алға тартады.

ЕЛБЕК ТАСБОЛАТҰЛЫ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Үйленер алдында дайындық дұрыс болмайды. Жастар алдында неге дайындалу керек? Ол қалай отбасы болады, соны жағдайларды көпнесе қарастырмай үйленеді. Дайындықсыз үйленгеннің нәтижесінде бір-біріне орсыкерісте осы айтылмайтын сөздерді айтып қойып жатады.

Ажырасудың себебі  сан алуан. Отбасы институтындағы бұл өзгерістер қоғамдағы әлеуметтік әрі құндылықтық трансформацияның көрінісі. Неке санының азаюы мен ажырасудың артуы тек статистика емес, мыңдаған тағдырдың тағылымы. Мамандар мәселені шешу үшін жастардың отбасылық өмірге саналы дайындалуы, өзара жауапкершілік пен құрметті арттыру маңызды екенін айтады.