Білім беретін орындар ғылыми мәдениет қалыптастыратын ортаға айналады

Мектеп тек білім беру орны емес, ғылыми орталыққа айналуы тиіс. Астанада өткен кезекті жиында Конституциялық өзгерістер аясында білім саласының жаңа бағыттары сарапталды. Жаңа нормалар академиялық еркіндікке жол ашып, ғылыми прогрестің құқықтық іргетасын қалайды. Бұл қадам елдің зияткерлік капиталын арттыруға бағытталған стратегиялық шешім дейді жиналғандар.

ДАРХАН ӨТЕ, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекет ол адам үшін деп айтамыз ғой, бірақ бұл жаңа конституция мен іс жүзінде мемлекет адам үшін жұмыс істейтін, қазір құқықтық негізде жүретінің көріп отырмыз. Жалпы, сапалы білім мәселесіне келгенде адам капиталын дамытуда ең басты стратегиялық басымдық белгіленіп отырғанын көріп отырмыз.