=Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Президент Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздігін қорғауды міндеттеді.