Таяу Шығыстан тағы 180 қазақстандық елге оралды

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Бүгін таңғы сағат 05:00 шамасында Атырау қаласына Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 180 жолаушы мінген ұшақ қонды. Кейін олар Алматы қаласына ұшып кетті.

Елге оралған азаматтардың айтуынша, олар Дохадан Эр-Рияд қаласына дейін автобуспен шамамен 13 сағат, кейін Эр-Риядтан Жиддаға 10 сағаттан астам уақыт жүріп, жеткен. Жол бойында қауіпсіздік мәселесі үнемі бақылауда болып, жолаушыларды Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері сүйемелдеген.